Жастар істері жөніндегі комитеті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында ҚҚЖУ (№1 хаттама) Жастар ісі жөніндегі комитеті (ЖІЖК) қалыптастырды - университеттің құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері студенттердің бастамаларын қолдау, патриотизмге тәрбиелеу, азаматтық сана қалыптастыра отырып, студент жастар тұлға ретінде өзін-өзі дамуына ықпал етеді.

Жастар ісі жөніндегі комитет мынадай бағыттар бойынша өз қызметін жүзеге асырады:

  • студент жастардың құқықтары мен әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету мақсатында ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  • университеттің қоғамдық ұйымдарының координациялық қызметі,өзін-өзі басқару ұйымы  мен клубтарының қызметін үйлестіру;
  • діни экстремизмнің алдын алу, студент жастар арасында құқық бұзушылықты және пайда болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті  болдырмау үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
  • салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу, этномәдени тәрбиеге, моральдық, қоғамдық - саяси іс-шаралар ұйымдастыру; 
  • темекі шегудің алдын алу және студенттер арасында темекі шегушілер санын қысқартуға, нашақорлыққа қарсы күрес мақсатында сауықтыру–тәрбие  жұмыстарын ұйымдастыру;
  • мемлекеттік тілде тілдер кафедрасымен, бірлескен  қоғамдық   ынтымақтастық  іс-шаралар ұйымдастыру; 
  • моральдық және психологиялық, шығармашылық және әлемдік  мәдениет элементтерін, үлкенді сыйлау, тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру; 
  • ЖІЖК-тің күнделікті жұмысын оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры үйлестіреді; Студенттің  ішкі потенциалын дамыта отырып, өзінің қоршаған ортаға  деген   көзқарасын  қалыптастыру;
  • студенттердің өзін-өзі басқару ісіне қатысуы  (студенттер жиналысына)  және олардың университеттегі студенттік өмір мәселелері бойынша бірлесіп  қабылдаған  шешімі;
  • Комитетті құру кезінде студент контигентінің ішінен көшбасшыларды анықтау және оның қалыптасуына  жағдай жасау ;
  • көшбасшы студенттер  топтарының басқару қабілеттерін (менеджмент дағдыларын) дамыту.

ҚҚЖУ ЖІЖ комитетінде  6 бөлімшелер немесе бөлім бар:

1. «Ғылым» бөлімі оқу процесімен тікелей айналысады  (студенттердің сабаққа қатысуы, үлгерімі және мінез-құлықы), жанжал болған  жағдайда   шешім  шығаруды, экономика және талқылау өзекті мәселелері бойынша тренингтер мен семинарларды ұйымдастырады. ЖІЖК Оқу бөлімі - «Студенттік деканаттың» бір түрі.

2. «Қоғаммен байланыс жасау» бөлімі студенттерге университетте өткізілетін әртүрлі халықаралық бағдарламалар мен жобалар туралы ақпарат береді. Университеттің халықаралық бөлімімен тығыз байланыса отырып, университетте өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты жинайды және ЖІЖ комитетіне тиесілі акциялар туралы студенттерге ақпарат  беріп отырады.

3. Студенттік жобалар орталығы (СЖО) - бұл студенттердің белсенді жұмыс саласы, студенттік жобалар: жас ғалымдар кеңесі, ҚҚЖУ студенттік қабырға газеті,  Зияткерлік Олимпиадалар, КТК, дебаттық-талқылау клубы және т.б. Бөлімнің қызметі олардың идеяларын кез келген деңгейде нығайтуға және жүзеге асыруға бағыттайды.

4. «Шығармашылық» бөлімі жарнамамен айналысады: бейнероликтер, фотосуреттер, әртүрлі іс-шараларды  дайындап құрастырады.

5. «Іс-шаралар» бөлімі университетте өтіп жатқан іс-шараларды ұйымдастырумен және студенттер арасында әуесқой клубтар жұмысын қадағалаумен айналысады.

6. «Спорт» бөлімі  спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға, спорт және салауатты өмір салтын насихаттауға жауап беріп, ҚҚЖУ спортшыларының университеттік, қалалық, республикалық масштабтағы іс-шараларға қатысуына көмектеседі.

Тәрбие жұмысы

КВН-дегі KUPS командасы

Сайт бойынша


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті құтты болсын! Ары қарай...
Бүгін оқу орнымызда 1-Желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай “Тәуелсіздік және Тұңғыш президент” тақырыбында аудандық деңгейде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ары қарай...
Қалалық емханасынан дәрігер эпидемиолог Эсагас Алтынгүл Есағасовна арнайы келіп "Коронавирусты жеңудің жолы - вакцина салдыру" тақырыбында студенттерге лекция жүргізді Ары қарай...
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқу орнымызда студенттер арасында "Мамандығым мақтанышым" атты сайысы өтті. Ары қарай...

Байланыс ақпараты

№ 1 оқу ғимараттары
Тел: 376-74-78 (ішкі. 515), Факс: 376-74-81
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы,
Жетісу-1 ықш-ауданы , 32а ү.,


№4 оқу ғимараты
Тел: 299-49-69
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы
Мамыр-1 ықш-ауданы, Шаляпина к. 21/1 ү.

s