
Жарғы негізінде «Қазақ қатынас жолдары университеті» мекемесі 2000 жылы коммерциялық және үкіметтік емес ұйым ретінде құрылды, 2000 жылы 15 маусымынан заңды тұлға ретінде № 33600-1910-У сериясы В №0332485 мемлекеттік тіркеу туралы куәлік етеді, 2000 жылдың 15 маусымынан статистикалық карточка құрылды, 2001 жылдың 14 мамырынан ЖСН 600700 207 749, көлік және коммуникация кешені, құрылыс және ҚР экономикасының басқа да салалары үшін мамандар дайындайды. Көп салалы шаруашылық болып табылатын, көлік секторына мыңдаған әртүрлі мекемелер кіреді, ол әр салаға қажетті мамандарды қамтып отырады. Бұл қозғалыс ұйымы, вагоншылар, локомотившілер, жол серікшілер, байланысшылар, автомобилисттер, ақпараттық жүйелер және байланыс, энергетиктер, қаржыгерлер, бухгалтерлер және басқа да көптеген сала мамандарының ұйымдастырушылары болып табылады.
Университет 05.29.2015 жылдан бастап № KZ58LAA00004977 қайта рәсімделген, оның мемлекеттік лицензиясы бар.
Омаров Амангелді Джумагалиевич - 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін университет президеті, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі болып табылады.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы көлік секторында іскерлік даму кезеңінен өткен жетекші ғалымдар мен көлік жүйесінің тәжірбиелі қызметкерлерінен құралған.
ҚҚЖУ жоғары білім беру саласының қазіргі заманғы әлемдік стандартына сай, ол ҚР БҒМ мемлекеттік аттестациясынан 2004, 2008, 2013, 2015 жылдары сәтті өтті.
Қазақ қатынас жолдары университеті жанында Техника-экономикалық колледжі және Астана техника-экономикалық колледжі жұмыс жасайды, онда көліктік-коммуникациялық кешеніне қажетті мамандық алуға мүмкіндік туғызады, ал болашақта – университеттен жоғары білім алады.
Қазіргі уақытта Қазақ қатынас жолдары университеті бакалавриат бойынша 15 мамандық, магистратура бойынша 10 мамандық және PhD докторантура бойынша 4 мамандық дайындауда.
|
|