Әлеуметтік - гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары пәндері

Кафедра туралы

«Әлеуметтік – гуманитарлық және жаратылыстану ғылыми пәндері» кафедрасы 

     "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы "Жалпы білім беру" кафедрасымен біріктіру жолымен 2013 жылы "Әлеуметтік – гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер" кафедрасы  болып ұйымдастырылды. Жаңа кафедраның жұмысы кәсіптік жоғары білімнің Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына, университеттің кафедраға бекіткен пәндерінің  типтік және жұмыс бағдарламаларына,  оқу жұмыс жоспарларына, сәйкес жүргізіледі.

      "Әлеуметтік–гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндері» кафедрасының оқытушылары бакалавриатта және магистратурада оқытуды жүзеге асырады.  Кафедра бойынша оқу үдерісі бакалавриаттың 27 пәнін және 6 магистратура пәнін оқыту арқылы жүзеге асырылады. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университеттің қоғамдық және ғылыми өміріне белсене қатысатын жоғары білікті кәсіби ұжым. Кафедраның ПОҚ студенттерді рухани және адамгершілік тұрғыда дамытуға бағытталған жұмыстарды және олардың әлемдік және отандық мәдени құндылықтарға үлес қосуларына және оларға жоғары азаматтық сана қалыптастыруда оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

 

«ӘГжәнеЖҒП» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доктор PhD Акаева Мадина Омарбековна

    «ӘГжәнеЖҒП» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы саны 37 адам, оның ішінде: ғылым докторлары – 3, ғылым кандидаттары – 19, профессор - 2, доцент – 5. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы    университеттің қоғамдық және ғылыми өміріне белсене қатысатын жоғары білікті кәсіби ұжым. Кафедраның ПОҚ студенттерді рухани және адамгершілік тұрғыда дамытуға бағытталған жұмыстарды және олардың әлемдік және отандық мәдени құндылықтарға үлес қосуларына және оларға жоғары азаматтық сана қалыптастыруда оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

   

«ӘГжәнеЖҒП» кафедрасының ұжымы

 


Оқу жұмысы

    Кафедра үнемі студенттердің білім сапасын көтеруге, оқу үрдісін жетілдіруге жұмыс істейді.  Осы мақсатта  мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілетін сабақтарда сапалы  білім беруге  көп көңіл бөлінеді. Оқытудың сапасы мен тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін студенттердің білімін бақылау үшін рейтингтік жүйе қолданылады.  Кафедра оқытушылары сабақтарында қазіргі заманғы оқыту әдістерін қолданады. Студенттердің білімін аралық және қорытынды бақылау автоматтандырылған "STELLUS"  бағдарламасы арқылы  жүзеге асырылады.


Әдістемелік жұмыс

      Кафедрада оқу-әдістемелік қызметті реттейтін барлық құжат бар;  әрбір оқу жылына жұмыс жоспары,  отырыс хаттамалары, ПОҚ жеке жұмыс жоспары, оқу және оқу – тәрбие үдерісін  жетілдіруге бағытталған іс – шаралар жоспары.   

       Кафедрада оқу үдерісінде заманауи технологиялар қолданылады. Оқу бағдарламалары  гуманитарлық пәндер мамандықтары бойынша типтік бағдарламаларға сәйкес келетін қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, жоғары білікті мамандар даярлауға кәсіптік жоғары білімнің Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде жасалды.  

       Мемлекеттік және орыс тілдерінде жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын сатып алу, оқу үдерісін  жан – жақты қамтамасыз ету үшін ерекше назар аударылады

       Кафедра оқытушылары өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік деңгейін көтерумен жұмыс істейді. Осы мақсатта олар алыс- жақын шетелдерде,  үздік оқу орталықтарында біліктілігін арттыру курстарынан тұрақты түрде өтіп тұрады.


Ғылыми-зерттеу жұмысы

Баспа қызметі: Кафедра оқытушылары 2013 - 2014 оқу жылына 6 монография, 2 оқу құралы, 2014 -2015 жылдары жазған 7 оқу құралын шығарды.

Кафедраның профессор – оқытушы құрамы республикалық, халықаралық деңгейдегі конференцияларға, сьездерге белсене қатысады. Мысалы, 2013 жылы С.С. Ақашева ҚҚЖУ – дың 10 жылдығына орай өткізілген ПОҚ –тың ғылыми – практикалық конференциясына қатысты. «Новации в изучении темы «исскуство и жизнь» на занятиях русского языка в техническом вузе» тақырыбында баяндама жасады. С.Р.Сүгірбекова «Эффективные стратегии, современные пути и новейшие методы преподавания языков» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияға қатысып, «Warm and Cold concepts» тақырыбында «Новые религиозные движения и проблема сохранения национальной и государственной идентичности современного Казахстана» атты ғылыми – практикалық конференцияда баяндама жасады. Түркменстанда өткен ғылыми – практикалық конференцияда «Образование, спорт и туризм в эпоху могущества и счастья» тақырыбында, Тұңғыш Президент күніне арналған жыл сайынғы екінші Назарбаев оқуларында «Тәуелсіздік, Ұлт көшбасшысы. Ұлттық бірлік» тақырыбында баяндама жасады. 2014 жылы кафедра оқытушылары (Ә.И. Шалтықов, М.О. Ақаева, Ү.Д. Дүйсембекова, Б.К. Молдажанова)  Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияға саясаттану ғылымдарының докторы Ә.И. Шалтықовтың 75 жылдығына арналған 2014 жылдың 25 -26 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ «Қазақстан ұлттық қауіпсіздігі мен кеден саясаты» атты ғылыми – практикалық конференцияға қатысты.                  2015 жылы С.Р. Сүгірбекова Республикалық ғылыми –пркатикалық конференцияға қатысып, «Семейные ценности: история и современность» тақырыбында баяндама жасады. Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияға «Перспективы развития электронного обучения в образовании 21 века» тақырыбында Ә.И. Шалтықов Ресейдің Омбы қаласында өткен «Актуальные вопросы профессионального образования» атты ХҒПК, Абай атындағы ҚазҰПУ – да өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының  20 жылдығына арналған ХҒКПК – ға қатысты, кафедраның 20 оқытушысы (Нуркадырова Ж.Д., Молдажанова Б.К., Акаева М.О., Дюсембекова У.Д., Белгибаев Д.Т., Турганбаева М.Е., Шалтыков А.И., Самыратов С.Т., Баданова С.Ж., Джумабекова Д.А., Меркибаева Б.М.) техника ғылымдарының докторы, прфессор, ҚР – ның Инженерлік академиясының академигі А.М.Мұратовтың 80 жылдығына арналған ХҒКПК – ға қатысты.

Әлеуметтік – гуманитарлық және жаратылыс ғылымы пәндері бағытындағы кафедраның профессор – оқытушы құрамының тізімін ҚРБҒМ БКСБК бекіткен ғылыми басылымдар мен шет елдің және Қазақстанның мерзімді басылымдарында 2013 – 2014 жыл аралығында 69 мақаласы жарияланды.

Университетте ӘГжЖҒП кафедрасының оқытушылары белсене қатысатын қазақ тілін үйрену орталығы құрылғанын айта кету керек. Сондай – ақ кафедрада оқу курстарына сәйкес ұйымдастырылған оқу – әдістемелік секциялар жұмыс істейді: «Қазақстан тарихы», «Философия», «Мәдениеттану», «Саясаттану», «Әлеметтану» және т.б. (жауапты магистр Белгібаев Д.Т.); тілдерді үйрену үйірмелері – орыс және ағылшын тілдері (жауапты ф.ғ.к. Сүгірбекова С.Р, магистрлер Баданова С.Ж., Баязерова Э.А.), жаратылыстану ғылымы пәндерінің секциясы «Физика», «Математика», «Информатика» (жауапты т.ғ.к. Нұрғалиева Р.М.)


Студенттер арасындағы тәрбие жұмысы

 Кафедрада тәрбие жұмысына да көп көңіл бөлінеді. Жұмыс бекітілген жоспарға сай жүргізіледі. Өз еліне, тіліне құрмет сезімін ояту және әр түрлі ұлттардың тілдері мен дәстүрлері жайында көбірек білу, өзге ұлт өкілдерінің әдет – ғұрыптары мен мәдениетіне құрметпен қарауды үйрету мақсатында кафедраның профессорлық оқытушы құрамы және студенттердің атсалысуымен жыл сайын Қазақстан халықтарының тілі күніне арналған фестиваль өткізіледі.

Кафедра жыл сайын әлеуметтік – гуманитарлық пәндер секциясы бойынша теориялық және практикалық конференцияға 1 және 2 курстан 30 – ға дейін студент дайындайды.

Кафедра жастармен идеологиялық және рухани – адамгершілік жұмысты үнемі жүргізіп отырады. Мысалы, 2015 жылдың сәуірінде қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты студенттік конференция ұйымдастырылды. 

2014  жылдың қараша айында ҰОС ардагері Алдияров Кенесары Әубәкірұлымен кездесу өткізіп, кейін ардагерлер үйіндегі ардагерді кафедра өз қамқорлығына алды.

Кафедраның профессорлық – оқытушы құрамы студенттердің өзін –өзі дамытуға ынталандыру үшін оқудан тыс жұмыстарды ұйымдастырады. Кафедраның жанынан ана тілі клубы, English club, орыс тілі үйірмесі жұмыс істейді. Ана тілі клубының жетекшісі С.Ж.Баданова және студенттермен «Қазақтың салт – дәстүрлері мен  әдет - ғұрыптары», «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты шараларды өткізді.

  «Қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» іс - шарасы

 Ағылшын тілі клубының төрағасы аға оқытушы Э.А. Баязерова мен аға оқытушы Б.Б. Молдажанова, Press Inter Tearch оқытушыларымен кездесу өткізді. Қонақтар біздің студенттердің ағылшын тілін тамаша білетінін атап айтты. Орыс тілі үйірмесінің жетекшісі ф.ғ.д. С.Р. Сүгірбекова  «В мастерской художников слова» атты ашық сабақ өткізді. Ондағы қазақ топтарының студенттері орыс тілін жақсы білетіндіктерін және классикалық орыс әдебиетін үнемі оқитындарын айтты.

Біздің кафедраның оқытушылары мен студенттері «Шахматшы» клубын белсенді қатысады. Әрі жыл сайын шахматтан жарыстар өткізеді. Кафедраның  оқытушылары бірнеше рет жүлделі орындарды иеленді. – Иманбердиев Д.Ж. (1 – орын), Шәріпов Қ. С.(2 – орын). 

Кафедра оқытушылары 2013 жылдың сәуірінде өткізілген «Нұрлы көктем» конкурсына  қатысты.  Кафедра жүлделі 3 орынды иеленді.

Оқытушылар мен студенттер Алматы әкімдігі ұйымдастыратын сенбіліктерге құлшына қатысады. Кафедра денсаулық және спорт күні, студенттер күні, тілдер мейрамы, Наурыз мерекесі және т.б. аудандық, қалалық іс – шараларға қалмай қатысады. Кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен студенттер Орталық мұражайға Д.Д.Қонаевтің мұражай үйіне, М.Әуезов атындағы қазақ дарам театрына, концерттерге т.б. мәдени орындарға барады.

Орталық Мемлекеттік мұражай (Қазақстан тарихы пәнінің оқытушылары). М.Әуезов атындағы драма театры.

Студенттердің дене шынықтыру мен айналысуын насихаттауда ӘГжЖҒП кафедрасы айтулы рөль атқарады.

Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында кафедраның профессор оқытушы құрамы әкімдік пен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілетін спартакиаларға аудандық, қалалық жарыстарға қатысады. Қалалық, облыстық және республикалық тәрбиелік – идеологиялық жарыстарға қатысқаны үшін И.Ә. Шалтықов, М.О.Ақаева, Ж.Д.Нұрқадырова Нұр Отан партиясынан Мақтау қағазы, М. О. Ақаева «Өрлеу» АҚ – тан алғыс хат, Ж.Д.Нұрқадырова 2014 жылдың 7 тамызында Білім және ғылым министрлігінен грамота алды.


Сайт бойынша


Жаңалықтар

Бүгін біздің университетімізде оқу дабылы соғылды. Студенттер далаға эвакуацияланды және оларға апат кезінде не істеу керектігі түсіндірілді. Ары қарай...
Сіздің құқығыңыз, сіздің рөліңіз: сыбайлас жемқорлыққа жол бермеңіз Ары қарай...
«РАЗВИТИЕ ТРАНСПОРТНО-КОММУНИКАЦИОННОГО КОМПЛЕКСА В КАЗАХСТАНЕ» Ары қарай...
Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған мәжіліс залында «Жас ғалымдарға арналған жаңа әдістемелік нұсқаулар: интеллектуалдық көшбасшылық» тақырыбында Ректор-проректор Тұрдалиев Әуезхан «Дөңгелек үстел» өтті. Ары қарай...

Байланыс ақпараты

№ 1 оқу ғимараттары
Тел: 376-74-78 (ішкі. 515), Факс: 376-74-81
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы,
Жетісу-1 ықш-ауданы , 32а ү.,


№4 оқу ғимараты
Тел: 299-49-69
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы
Мамыр-1 ықш-ауданы, Шаляпина к. 21/1 ү.

s