Көлік, көліктік техника және машина жасау және стандартизация

Кафедра құрамы

Ғылыми зерттеу жұмысын, аудиториялық қорларды тиімді пайдалану, оқу процесін оңтайландыру мақсатында екі ұқсас «Көлік, көліктік техника және машина жасау» және «Жылжымалы құрам мен стандарттау және сертификаттау» кафедраларын біріктіру туралы шешім қабылданды. 24.05.2016ж. № 44  Бұйрық негізінде «Көлік техникасы, машина жасау және стандарттау» кафедрасы атауымен өзгертіліп, кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к.   доцент м.а.  Сериккулова А.Т. тағайындалды.                                      

 

"КТМжС" кафедрасының оқытушылар құрамы

   «Жылжымалы құрам» кафедрасының меңгерушісі болып,  техника ғылымдарының докторы, профессор К.С. Каспакбаев тағайындалды. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі  К.С.  Каспакбаевтың шәкірті  техника ғылымдарының кандидаты Сериккулова А.Т.болып табылады.

   Кафедрада жоғары білікті профессорлы – оқытушылар құрамы, соның ішінде ғылым кандидаттары мен докторлар, сондай  - ақ құрметті теміржолшылар бар. Кафедрада мамандық бойынша практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау үшін лабораториялық база бар.  

    Кафедра жұмысының мақсаты -  5В071300-"Көлік, көліктік техника және  технологиялар", 5В071200- "Машинажасау", 5В073200- "Стандарттау  және сертификаттау"  жөндеуді ұйымдастыруға байланысты және жылжымалы құрамды пайдалану мамандықтары бойынша мамандар дайындау. Кафедра студенттерді күндізгі және қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқытады

"КТМжС" кафедрасының оқу полигоны

Жыл сайын жол көлігі ірі өндірістік бөлімшелерінде теориялық білімдерін өндірісте пайдалана білу үшін өндірістік және диплом алдындағы практиканы ұйымдастырады.


Оқу жұмысы

Кафедраға негізгі базалық және бейіндік пәндер бойынша  5В072900 – «Құрылыс», 5В074500 – «Көлік құрылысы», 5В073000 –« Құрылыс матералдарын өндіру, өнімдер мен конструкциялар» мамандықтары бекітілген.

 Кафедраның оқытушылары «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша және оқу процесінің басқа да іс – шараларын ұйымдастыру бойынша және магистратура мен бакалавриатқа арналған негізгі білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.

 Кафедраның негізгі міндеттері:

-  білім беру бағдарламасын жетілдіру жолында мамандарды даярлау сапасын арттыру;

- оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды игеру;

-  жоғары білімді академия ғылымының кезеңді интеграциясы;

-ПОҚ қайта даярлау біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру.

 Кафедраға бекітілген барлық пәндер бойынша ПОӘК әзірленді.

 Оқу процесінің озық тәжірибесінің заманауи әдістерін ұйымдастыруды енгізу бойынша кафедра жұмысы жүргізіледі.

 Студенттерге басқа әдістермен қоса білім сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін білімді бақылайтын  рейтингтік тест жүйесі қолданылады.  Сабақ кестесі бойынша бекітілген кафедра оқытушыларының жетекшілішімен студенттерге өзіндік жұмыс жүргізіледі. Кафедра отырыстарында есептеу  - графикасын есепке алуды орындау жұмыстары жүргізіледі. курстық жұмыстар мен жобалар, олардың нәтижелері қарастырылады.

Студенттердің ағымдық және аралық бақылаулары университеттің компьютерлік орталығы арқылы автоматтандырылған  «uTest»  бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылады.

 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау кезінде ПОҚ қолданатын әдістер:  жазбаша, құрамдастырылған бақылау, тесттер, тренингтер.

 Практиканың барлық түрлері академиялық күнтізбеге және ҚР МЖМБС 5.03.005-2009. талаптарына сәйкес жүргізіледі.


Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедраның оқу – әдістемелік жұмысының міндеттері:

- білім беру бағдарламасын іске асыруда ғылыми – әдістемелермен қамтамасыз ету;

-  білім беру процесінің құралдары мен әдістерін  әзірлеуде жаңа және қолданыстағы технологияларды енгізу;

-ПОҚ біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру.

 Кафедрада барлық пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламалары мен студенттерге арналған пәндер бағдарламалары әзірленген.

 Соңғы жылдары кафедра оқытушыларымен 5 оқу құралы  , 1 монография дайындалды. 147 электрондық оқулықтар мен оқу құралдары, 20 мультимедиялық оқыту бағдарламалары әзірленді және сатып алынды.

 Барлық мамандықтар бойынша тест тапсырмалары мен студенттің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқаулықтары әзірленді. Әрбір академиялық кезеңде тест тапсырмаларын сараптау жүргізіледі.

 Оқу сапасын талдау және оқу жетістіктері деңгейін іске асыруда өзара сабаққа қатысу жүзеге асырылады.


Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедрада ғылыми жұмысы: «Аралық рельстік бекіткіштер жұмысын зерттеу мен ҚР әр түрлі аймақтарында қауіпсіз эксплуатациялау үшін оларды жетілдіру ұсыныстарын дайындау» тақырыбында орындалады. Бұдан басқа да ғылыми бағыттар бойынша жұмыстар жасалады.

-  Жүрдек пойыздар қозғалысы  кезіндегі темір жолдарды қайта қою кезіндегі жер төсемінің жұмысқа қабілеттілігін арттыру ;

-  Жолдың үстіңгі беткі жағдайы бойынша пойыз қозғалысы жылдамдығының  рұқсат етілетінін негіздеу және зерттеу;

-  Пойыздың жылдам қозғалысы негізінде жылжымалы құралы мен жолдардың өзара әрекетін модельдеу.

 2009-2010  жылы «Көлік құрылыстарын салу» кафедрасында  АЗДИ ЖШС                          ( қаржыландыру көлемі – 2,0 млн. 100 мың теңге) тапсырысы бойынша  А14, НК-120 және НК -180 жүктемесімен ұзындығы  21 м қауырт темірбетон  көпір балкаларын алдын ала есептеу»  тақырыбында шаруашылық келісім жүргізіледі. Ғылыми  - зерттеу жұмысын орындауға жоғарғы курс студенттері қатысады. Олар жыл сайын университетте жүргізілген ғылыми – практикалық конференцияларда баяндамалар оқиды. ҒЗЖ нәтижелері студенттердің одан әрі курстық жұмыстарын орындауда және бітіру кезіндегі біліктілік жұмыстарына пайдаланады. Кафедрада ПОҚ дәрежесіне көп көңіл бөлінеді.

 Соңғы үш жылда кафедраның ПОҚ – ң 100 ден аса ғылыми мақалалары, баяндама тезистері мен ғылыми – әдістемелік басылымдары жарияланды. Кафедра меңгерушісі т.ғ.д. А.Қ. Жалайыров жетекшілігімен МИТ -06 тобының студенттері И.А. Абилов, Д.М. Үмбеталиев автожол мен темір жол көпірлерінің, тоннельдер сынақтарының  аспаптық түсіріліміне,  көпірлердің жай – күйін тексеруге қатысты. Олар1920 жылы салынған Ертіс өзені арқылы өтетін жүк көтергішті   жүргізген темір жол көпірін, сондай – ақ АҚ «Қазақстан темір жолы» жол дистанциясы, Семей және Жаңа Семей темір жол көпірлерін бағалады.

2008 жылы Алматы қаласының Әл Фараби даңғылы бойындағы көп функционалды «Есентай кешенінің бір жаяу тоннелі мен екі автожолға тексеру жүргізілді.

2008 жылы желтоқсанда Астана қаласының Есіл өзені арқылы өтетін  Рамстор сауда орталығының салтанатты ашылуына  Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаев қатысқан вантты автожол көпірі сыналған еді.  Президентіміз халық шаруашылығының барлық салаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен инженер құрылысын жақсарту жұмыстарының күрделілігі мен маңыздылығын атап өтті.


Тәрбие жұмысы

Кафедрада бекітілген жоспар бойынша тәрбие жұмысы жүргізіледі. Тәрбие жұмысының негізгі бөлімдері Президент жолдауы  «Қазақстан - 2030» стратегиясы және оны талдауға арналады.Оқу жылының басында берілген мәселелерді шешу үшін жолдаудың негізгі бағыттары студенттерге бөлінеді және белгілі бір уақытта диспуттар орындалады. Жұмыстың басқа бөлігі Қазақстан потриотизміне арналады (қазақ халқының слттарын зерттеу, үлкенді сыйлау, туған жерге деген сүйіспеншілігі, герб, жалау, гимндерді қадірлеу). ҚР музейіне бару және тарихи орындарға экускурсия жасау. Үшінші бөлімі салауатты өмір салты.салауатты өмір салты (президенттік тесттерді тапсыру, қалалар мен аудандардың спорттық іс – шараларына қатысады.

  Кафедра қызметкерлері мен білім алушы топтар кураторларына жоғарыда санамаланған жұмыстарды орындайды.

 Осы оқу жылында ҚР ішкі және сыртқы саясатына арналған дөңгелек столдар ұйымдастырылады. Осы мақсатта оқу жылының басында насихаттаушылар тағайындалады. Студенттердің салауатты өмір салты үшін спорт секторлары жауапты.

 Университеттің айрықша мәні бар күндеріне арналған концерттік бағдарламаларына мәдениет секторы қатысады. Оқу жылы ішінде Алматы қаласының кинотеатрларына, Абай атындағы балет театрына, мемлекеттік академия театрына, М.Ауезов атындағы драма театрына студенттермен кураторлар бірге барады.

 Ақпарат секторы «Біз ЖҚТБ мен темекі шегуге қарсымыз атты тақырыбта іс – шара жүргізеді. және ақпараттық қабырға газеттерін шығарады. Сенбілікте университетке бөлінген учаскелер мен университеттің оқу ғимараттарының территорияларын тазалауға студенттер кураторларымен шығады. Жоғары курстың кураторлары телекоммуникация кешенінің бұрынғы қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырады. Лайықты теміржолшылар: А.А Копжасаров., Н.Ш. Исингарин., Д.К. Омаров, Х.Т. Ахшабаев, С.А. Агментаевтармен аудан бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлері.

 Студенттер кафедраларда жетекші мамандар жетекшілігімен университетте жүргізілетін ғылыми – практикалық конференция жұмыстарына қатысады. 

 Кафедра қызметкерлері оқу жылы ішінде жоспар бойынша университет жатакханасына таңдаған мамандықтары бойынша университет жатакханасын таңдаған мамандықтары бойынша «кафедра күнін жүргізеді.


Ғылыми педагогикалық кадрларды дайындау және олардың біліктіліктерін арттыру

«Көлік құрылысын құрастыру» кафедрасының ПОҚ күшімен жетекші кәсіпорындар мен ұйымдармен: атап айтқанда мынадай республикалық мемлекеттік  кәсіпорындары: АҚ «Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты», ЖШС «АЗДИ», ЖШС «Целсим», ЖШС «Конкурс продакс», сондай – ақ шетелдік: КТЖ Консальт ЖШҚ (Штутгарт, Германия кенес беруші инженері, Ташкент институты темір жол көлігі  инженерлері», Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет (КГУСТА) университетінің,  М.А. Бонч –Бруевич атындағы  Санкт – Петербургтік мемлекеттік университетінің профессоры, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеттерімен ғылыми – техникалық ынтымақтастық келісім – шарт жасалды.

  Инженер академиясының академигі, Ресей Федерациясының техника ғылымының кандидаты, Сібір мемлекеттік қатынас жолдары доценті Васильев Сергей Петрович доктаранттар мен магистранттарға «Темір жолдар есептеуінің сандық әдістері» тақырыбында лекция оқыды.

 ҒЗЖ бірлестігі жүргізуімен консультациялар, оқу – әдістемелік әзірлемелер алмасу ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылады. Көрсетілген жоғары оқу орындары базасында ПОҚ біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

 Оқытушылар өткізетін сабақтардың сапасын бағалау үшін «Оқытушылар студенттер көзімен»  сауалнамасы жүргізіледі. Университетте пәндерді оқыту сапасын ішкі бақылау жолымен оқытушылардың сабақтарына қатысу арқылы кесте бойынша күнтізбелік жоспарларын, жұмыс бағдарламаларын, әдістемелік нұсқаулар мен зертханалық жұмыстарын тексере отыра, жүзеге асырылады.


Институционалдық аккредиттеу туралы куәлік

 


Сайт бойынша


Жаңалықтар

Бүгін біздің университетімізде оқу дабылы соғылды. Студенттер далаға эвакуацияланды және оларға апат кезінде не істеу керектігі түсіндірілді. Ары қарай...
Сіздің құқығыңыз, сіздің рөліңіз: сыбайлас жемқорлыққа жол бермеңіз Ары қарай...
«РАЗВИТИЕ ТРАНСПОРТНО-КОММУНИКАЦИОННОГО КОМПЛЕКСА В КАЗАХСТАНЕ» Ары қарай...
Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған мәжіліс залында «Жас ғалымдарға арналған жаңа әдістемелік нұсқаулар: интеллектуалдық көшбасшылық» тақырыбында Ректор-проректор Тұрдалиев Әуезхан «Дөңгелек үстел» өтті. Ары қарай...

Байланыс ақпараты

№ 1 оқу ғимараттары
Тел: 376-74-78 (ішкі. 515), Факс: 376-74-81
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы,
Жетісу-1 ықш-ауданы , 32а ү.,


№4 оқу ғимараты
Тел: 299-49-69
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы
Мамыр-1 ықш-ауданы, Шаляпина к. 21/1 ү.

s