Көлік, көлік техникасы және машина жасау

Кафедра туралы

Қазақстан тәуелсіздігін нығайтудың басты бағытының бірі,   елдің ішкі нарық өндірістерін қайта құрылымдап тиімділігін түбегейлі арттыру. Бұл мақсатты шешу үшін біліктілігі жоғары, жан-жақты мамандар қажет. Біздің еліміздегі аз меңгерілген өндіріс салаларының бірі – машина құрастыру. Осыған орай университет басшылығы машина жинайтын кәсіпорындарға мамандарды дайындайтын «Көлік техникасы және машина жасау» кафедрасын Кафедрада 4 техника ғылымдарының  докторы және 7 техника ғылымдарының  кандидаты жұмыс істейді. Кафедра алдында зертханалар жасау, оқу үдерісінің сапасын  жақсарту және болашақ машина құрастырушы инженерлердің білімділігін қамтамасыз ету үшін республикалық және халықаралық кәсіпорындармен байланыс аясын кеңейту мақсаттары тұр.  

2008 жылы кафедра мемлекеттік іскерлік сараптамадан өтіп, оқытушы-профессорлар құрамының жұмысы «Оқу-әдістемелік жинақтау және Машина жасау мамандығына материалды базасын камтамасыз ету» комиссия мүшелерінің жоғары бағасына ие болды. Іске асырылған бағдарламалар және жасалған жоспарларда машина құрастыру саласының білікті мамандарын дайындау белгіленген. Жаңа мамандықпен қатар кафедра «Көлік, көліктік техника және технология», «Автомобиль және автомобильдік шаруашылық» және «Көтергіш-көліктік, құрылыс және жол машиналары» мамандықтарының бакалаврларын дайындауын  жүзеге асырады. Университет басшылығының ұйымдастыруымен оқытушы-профессорлар құрамы «Машиналардың бөлшектері және құрастыру негіздері», «Материалтану. Құрастырмалы материалдардың технологиясы», «Автопайдалану материалдары», «Жобалау негіздері және технологиялық жабдықтарын пайдалану», «Механизмдер және машиналар теориясы» негіздерін оқып-үйрену үшін заманға сай оқулық зертханаларын іске қосқан.


Мақсаттар мен тапсырмалар

Кафедраның мақсаты көлік саласына білікті мамандар дайындау.

         Бұл мақсат келесі шараларды шешумен іске асады:

  • ақпараттық және инновациялық үдерістерді білім үрдісіне енгізу;
  • студенттердің дербес жұмыс істеуін ұйымдастыру жүйесін жақсарту;
  • ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету;
  • білім беру үрдісінің және мамандар дайындау деңгейін сараптауды ұйымдастыру;
  • түлектерді дайындау сапасын тексеру және бағалау әдістерін заман талабына бейімдеу.

Оқыту жұмысы

Оқыту жұмысы аясында кафедра оқытушы-профессорлар құрамы келесі қызметтерді атқарады:

  • Оқу үдерісін жетілдіру және студенттер білімінің сапасын көтеру. Бұл үшін күндізгі және (әсіресе) сырттай оқыту бөлімдерінде студенттердің дербес жұмыс істеуін ұйымдастыруы жетілдірілуде. Осы мақсат үшін кафедра мәжілісінде бұрынғы кемшіліктерді ескеріп әрбір пән бойынша студенттердің дербес жұмысының тақырыптары бекітіледі.
  • Студенттердің ой-өрісін жетілдіру үшін кәсіби дайындау және мамандандыру пәндері бойынша озық ашық сабақтар ұйымдастыру.
  • Кәсіби дайындау пәндері бойынша студенттердің білімін тестілеу және білім сапасы зертханасымен терең байланыс орнату.

 Сабақ жүргізу сапасын жақсарту мақсатында кафедрада оқытушы-профессорлар құрамы ашық сабақтарына қатысу кестесі бекітілген. Арнайы кітапқа сабақтарға қатысудың нәтижелері және сабақтардың жұмыс бағдарламарына сәйкестігі сарапталып, жазылып қорытындыланады. Тексерілген сабақтардың нәтижелері ескеріле отырып, кафедра оқытушы-профессорлар құрамымен сабақтар жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде жүргізіледі.

         Кафедра студенттердің дербес жұмыс істеуінің нәтижелі болуы үшін, төменде көрсетілген бағыттарда жұмыс атқарады:

  • Студенттердің дербес жұмыс істеуі үшін оқытушылардың тақырыптарын (тапсырманы) жаңартып отыру.
  • Күндізгі және сырттай оқу бөлімдеріне кафедрада бекітілген барлық пәндеріне тестілердің және бақылау жұмыстарының тақырыптарын өңдеу.
  • Бақылау тапсырмаларының, дербес жұмыс тапсырмаларының өзгеруін және жаңа кітаптарды пайдалана отырып кафедраның барлық пәндерінің жұмыс бағдарламаларын қайта қарау және толықтыру.
  • Ғылыми жетекшілерді, дипломдық және курстық жұмыстардың тақырыптарын кафедра мәжілісінде бекіту және тарату.

Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедра оқытушыларының оқу-әдістемелік жұмысы келесі негізгі бағыттарды қамтыған:

  • Жұмыс бағдарламарын, зерттеу-тәжірибелік сабақтарды, кафедрада оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік жиынтықтарды өңдеу.
  • Тәжірибелік жұмыстарды орындау, сабақтарды  бақылау, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау, тест үлгісінде білімді бақылау-сынақтан өткізу, автокөлік кәсіпорындарында тәжірибе жинақтау үшін әдістемелік кепілдемелерін, оқулық кепілдемелерін, әдістемелік нұсқауларын өңдеу, мәлімет нұсқауларын құрастыру.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылым, техника және өндіріс мәдениеті талаптарына сай маман дайындау сапасын көтеру ісінде кафедра оқытушы-профессорлар құрамы, жасайтын ғылыми-зерттеу жұмысына ерекше мән береді. Зерттеу мақсаттары: өзекті ғылыми және халық шаруашылығы мәселелерін шешу, мамандар дайындау сапасын жақсарту және оқытушылар біліктілігін көтеру. Қойылған мақсатқа жету үшін жастарда дербестік және белсенділік  қасиеттерін қалыптастыруына, ғылыми шығармашылыққа студенттер белсенді тартылады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ҚР және шетелдік кәсіпорындарында енгізіліп, мемлекеттік және халықаралық патенттер алынған, дипломдық жұмыстар және ғылым дәрежелеріне іздену диссертациялары қорғалған. Кафедра оқытушылары жүйелі түрде өзекті өндіріс тапсырмаларын талқылау жөнінде оқулық-ғылыми семинарлар, конференциялар өткізеді. Зертханалық, курстық, дипломдық жұмыстарды орындау кезінде және өндірісте шығармашылыққа, жаңашылдыққа, тәжірибе жинақтауға басымдық беріледі.


Тәрбиелік жұмыс

Кафедрада студент жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Шарада келесі ең өзекті тапсырмалар белгіленген: студенттердің ұдайы шығармашылық жетілуіне бағыт беру. Сонда имандылық, зиялылық, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, ойлау және көптеген басқа қасиеттерді бойына сіңіретіндігіне, шұғыл өзгеріп жатқан әлеуметтік-мәдениеттілік ортаға кіру қабілеттілігі ғана емес, сол ортада өсіп-өнетіндігіне көзін жеткізу.


Кафедра түлектері туралы

Кафедра түлектері көлік басқару қызметтерінде, көліктік техника мен жабдықтарды шығаратын машина құрастыру зауыттарында, көліктік техниканы жинауды іске асыратын кәсіпорындар мен мекемелерде, кұрастыру, жобалау кәсіпорындарында, машина құрастыратын және жөндеу зауыттарының фирмалық және диллерлік орталықтарында, маркетингтік және көліктік-экспедициялық қызметттерде, материалды-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінде табысты жұмыс істеп жатыр.


Сайт бойынша


Жаңалықтар

Тіл - татулық тірег Ары қарай...
Тіл - татулық тірегі Ары қарай...
Бейресми оқыту Ары қарай...
Оқу орнымыздың акт залында оқытушылар мен әкімшілік мүшелеріне ағымдағы жылдың 5 маусымы күні өтетін Референдумға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ары қарай...

Байланыс ақпараты

№ 1 оқу ғимараттары
Тел: 376-74-78 (ішкі. 515), Факс: 376-74-81
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы,
Жетісу-1 ықш-ауданы , 32а ү.,


№4 оқу ғимараты
Тел: 299-49-69
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы
Мамыр-1 ықш-ауданы, Шаляпина к. 21/1 ү.

s