Жол қозғалысын басқару, көлікті басқару және логистика

Кафедра жайында

Қазақ қатынас жолдары университеті ректорының  2003 жылдың 7 қаңтарындағы № 5 бұйрығы бойынша   «Көліктегі тасымалдауды үйымдастыру және басқару» кафедрасы құрылды.

 Кафедра ҚРБҒМ 03.02.2010 жылы берілген АБ№0137405 сериялы лицензиясына сәйкес мамандар дайындайды.

Қазіргі таңда кафедра 5В090100; 6М090100;6D090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды.

Кафедраның меңгерушісі – техника ғылымдарының кандидаты, доцент Аманова Маржан Валиевна.

Кафедраның  оқытушы-профессорлар құрамы жоғары білімді мамандардан құралған. Оның 4 – уі  техника ғылымдарының докторы, ал 12 – сі  техника ғылымдарының кандидаты

«Көліктегі тасымалдауды үйымдастыру және басқару» кафедрасында 2 мамандырылған зертхана бар : «Пойыз қозғалысын ұйымдастыру» және  «Жол қозғалысын ұйымдастыру». Темір жол жылжымалы құрамды тиімді пайдалану  тәсілдерін оқытуды жақсарту үшін 2009 жылы зертхана (ООО НПП «ЭПАС» Омск (Ресей)) жабдықталған ол:

- жаттығу кешені;

- станса кезекшісінің жұмыс орнынан құралған.

Электрлі орталықтан маневр жұмыстарын жасауды, теміржол стансасындағы және қашықтықтағы түрлі қондырғылардың  техникалық күйін  бақылауды үйретіп, студенттердің алған білімдерін тексеруге қолайлы.

«Қауіпті жүк,оның классификациясы, қауіпсіздік белгілері», «Жүкті орналастыру және бекіту, тиеп - түсіру жұмыстары», «Телефон желісі арқылы пойыз қозғалысын ұйымдастыру», «Автоматтандырылған жүк кассирінің «Полюс - 2003» жұмыс орыны», « Темір жолдын техникалық пайдалану ережелері», «Темір жолындағы маневрлық және пойыз қозғалыстар жөніндегі нұсқаулық» мультимодальдық бағдарламаларда  қолданылады.  Зерттеулік кешені Қазақстан Республикасының стандарт талаптарына сәйкес.

Кафедраның басты міндеті :

- оқулық жұмыстар;

- методикалық жұмыстар;

- ғылыми – зерттеулік жұмыстар;

- студенттер арасында тәрбиелік жұмыстар;

- ғылыми – педагогикалық кадрларды дайындау және олардың біліктілігін көтеру.

 Қазақстан және шетел теміржолындағы  озық технологиялар жайлы мағлұматтар т.ғ.к. профессор Карабасов И.С., т.ғ.к. доцент Аманова М.В. жетекшіліктерімен  жиналып студенттердің ғылыми конференциясында талқыланып тұрады. Оқу үдерісі барысында тәжірибелер жинақталып, жаңа әдістер жүзеге асырылады. Студенттердің үйрену қабілеті мен білім беру тиімділігін арттыру үшін кафедрада тестілеу – рейтингттік жүйе қолданылады. Оқу барысын қажетті нормативтік талаптарға сәйкес келетін әдістемелік зерттемелер, әдебиеттер және жұмыстық оқу бағдарламар  қазақ және орыс тілдерінде қамтамасыз етілген.

«Көліктегі тасымалдауды үйымдастыру және басқару» кафедрасы дайындаған трансұлттықтың тасмалдаудың көлік дәліздерінің тиімділігін жөніндегі  қолданбалы ғылыми – зерттеулік жұмыстарының бір бөлігі «Қазақстан темір жолына» енгізілген.

Кафедрада ғылыми – зерттеулік жұмыстар келесі бағытта жүргізіледі :

1.Болжау әдістерін қолданып жолаушылар тасымалдарын тиімді  ұйымдастыру үдерістері.

2. Қазақстан теміржолында жолаушылар пойызының құрамдау жоспарын оңтайландыру үдерісінің матаметикалық моделін  негіздеу.

3. Темір жол көлігімен халықаралық тасымалдың логистикалық жүйесін ұйымдастыру.

4. Жеткізілетін жүктің үйлестірілімдік логистикалық тізбегінің теориясы және тәжірибесі.

5. ҚР контейнерлік тасымалдаулардың қазіргі жағдайы. Теміржолмен тасымалдауды жеделдетіп және жолдың  өткізу қабілетін арттырудың теориялық негізі.

«Көліктегі тасымалдауды үйымдастыру және басқару» кафедрасында 20 % астам студенттерді қамтыған, ғылыми – зерттеулік жұмыстар жүргізетін студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді. Университетте студенттік конференцияларда жыл сайын баяндамалар жасалынады. Студенттердің ғылыми – зерттеулік жұмыстарының нәтижесі болашақта өздерінің дипломдық жұмыстарында қолданылады.

Студенттерге арналған дене – шынықтыру ашық спорттық алаң және жабық спорттық – сауықтыру кешені бар.

Біліктілікті жоғарылату және ғылыми – педегогикалық кадрлар дайындау

«Көліктегі тасымалдауды үйымдастыру және басқару» кафедрасында оқытушылар әрдайым өздерінің біліктіліктерін жоғарылатуға мүмкіндік жасалған.

Қазақ қатынас жолдары университеті көптеген елдердегі жоғарғы білім беру оқу орындарымен байланыс орнатқан, мысалы, Германия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан,Қытай, Түркменстан және т.б.

2009 – 2011 жылдары бойынша білім саласында халықаралық келісім – шарт және шет елдердегі жоғары оқу орындарының ғылыми жұмыстары іске асырылуда : соның ішінде, Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университеті,        Ташкент инженер теміржол институты.

  Осыларға орай келесі шаралар жүзеге асырылуда:

- оқу – әдістемелік зерттемелер, жаңа оқулық жоспарлар және бағдарламалармен өзара алмасу;

- оқулық сабақтар өткізу мен сынақ ісі мақсатымен оқытушы– профессорлар ұжымдарымен пікір  алмасу;

- ғылыми еңбек жиынтығы  және ғылыми зерттеулердің ақпарат - мәліметтерімен алмасу.


Кафедра қызметінің бағыттары

Қызмет мақсаты мамандарды (бакалаврлар, магистрлер, докторанттар (Ph.D) саланың пайдалану жұмысын ұйымдастыру және басқару саласында, тасымалдау процесін ұйымдастыруда маркетинг және менеджмент әдістерін әзірлеу, енгізу, көлік кәсіпорындары мен көлік кешендерін жобалау, көлік қызметтерін тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін және көлік құрылғыларын техникалық пайдалануды қамтамасыз ету.

Кафедраның негізгі қызметтері:

Оқу жұмысы;
Әдістемелік жұмыс;
Ғылыми-зерттеу жұмысы;
Студенттер арасындағы тәрбие жұмысы;
Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.


Оқыту жұмысы

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) сабақ кестесіне енгізілген. СӨЖ әзірлеу кестесі бар. Мамандық пәндері бойынша студенттердің білімін, дағдыларын жүйелеу және бекіту үшін сабақтардың қысқаша мазмұны, СӨЖ, СОӨЖ тапсырмалары және бақылау сұрақтары қамтылған белсенді үлестірме материалдар әзірленді.

Кафедра оқу үрдісін жүргізуде заманауи әдістерді енгізу бойынша озық тәжірибені жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Кафедрада оқытудың және білімді бақылаудың белсенді әдістері ретінде оқытудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін бақылаудың басқа әдістерімен қатар тестілік-рейтингтік жүйе қолданылады.


Әдістемелік жұмыс

Оқу процесінде қолданылатын жұмыс оқу бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелерді дайындау сапасы, негізінен, нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Жалпы барлық сабақтар, мамандықтар пәндері (семинарлар, практикалық сабақтар, курстық жұмыстар немесе жобалар, дипломдық жұмыстар) тиісті оқу-әдістемелік әдебиетпен, оның ішінде мемлекеттік тілде қамтамасыз етілген.


Ғылыми -зерттеу жұмысы

Ғылыми-зерттеу жұмысы

"ОДУТиЛ" кафедрасында "логистика принциптерінде жүктерді жеткізу жүйесін моделдеу" ҒЗЖ орындалады. (Жетекшісі кафедра меңгерушісі.каф. Жауапты орындаушы-т. ғ. к. Қасқатаев Ж. А., магистр оқытушы-Рамазанова А. Ж., магистр оқытушы-Нурмуханбетова И. Ж., лаборант-Изтлеуов Р. А.)

 

Логистиканың теориялық негіздерін қалыптастыру және дамыту.
ТРАСЕКА аумағы арқылы логистика принциптері бойынша жүктерді жеткізу.
Жүктерді жеткізудің жаңа әдістерін енгізу.
1999-2015 жылдар аралығында ҚР көлік-логистикалық инфрақұрылымын талдау.
Қазақстан Республикасында теңіз көлігімен жүк тасымалдау нарығындағы жағдайды жалпы талдау.
ҚР аумағында және шектес мемлекеттердің жүк ағындары орналасқан ірі орындарды ескере отырып, жаңа КЛО құру және дамыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.
Халықаралық тасымалдардың логистикалық аспектілері.
Жүк тасымалдарын болжауды моделдеу және техникалық ресурстарды пайдаланудың ұтымдылығын математикалық бағалау.

 


ФОТОГАЛЕРЕЯ

Выставка Атакент «Транспорт и логистика 2022

 

lX Международный форум транспортников Kazlogistics

 

 

производственная практика на базе ТОО Зиял, станция Алматы 1

 

 

X Казахстанской-Германский форум

 

 


ДОСТИЖЕНИЯ КАФЕДРЫ


Cотрудничество с РУТ

В 2018 году Казахский университет путей сообщения (КУПС), кафедра «Организация движения, управление на транспорте и логистика»  открыла совместно с Российским университетом транспорта (РУТ), кафедра «Логистика и управление транспортными системами» образовательную программу "Международный менеджмент" по подготовке кадров по двудипломному образованию. КУПС продолжает тесное сотрудничество с РУТ, в рамках данной программы обучается Рамазанова Арай Жарасовна.

Рамазанова А.Ж. с ППС кафедры  «Логистика и управление транспортными системами» (РУТ). г.Москва

 


Сайт бойынша


Жаңалықтар

Хабарландыру Ары қарай...
2022 жылдың 9 желтоқсанында «Әлеуметтік ғылымдар және құқық» кафедрасы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша практикалық сабақ. Ары қарай...
2021/2022 жылы жарияланған «АЛТЫН КОРИФЕЙ» халықаралық әдістемелік, оқу және ғылыми әдебиеттер байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз Ары қарай...
Дабыл чемоданы; төтенше жағдайларда аман қалуға арналған заттар жиынтығы Ары қарай...

Байланыс ақпараты

№ 1 оқу ғимараттары
Тел: 376-74-78 (ішкі. 515), Факс: 376-74-81
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы,
Жетісу-1 ықш-ауданы , 32а ү.,


№4 оқу ғимараты
Тел: 299-49-69
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы
Мамыр-1 ықш-ауданы, Шаляпина к. 21/1 ү.

s